«Елорда кубогы»: қазақстандық боксшылар қанша сыйақы алды

Қазақстандық боксшылардың халықаралық «Елорда кубогы» турнирінде қанша сыйақы алғаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ерлер мен әйелдер арасында чемпион атанғандар 700 доллардан, күміс жүлдегерлер – 400 доллар, ал қола жүлдегерлер 200 доллардан алды.
Ерлер сапынан жеті боксшымыз жеңімпаз атанды: Теміртас Жүсіпов, Сәкен Бибосынов, Тимур Қабдеш, Махмұд Сабырхан, Ертуған Зейнуллинов, Нұрқанат Райыс, Абзал Құттыбеков пен Сағындық Тоғамбай.
Жеңімпаздардың толық тізімімен мына сілтеме арқылы таныс болыңыздар.
Оқи отырыңыз:
Ғалымжан Қырықбай «Қазақстан Барысы – 2023» жеңімпазы атанды
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов теннистен жарысқа қатысты
Әйелдер арасында сегіз бойжеткеніміз үздік шықты: Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Жайна Шекербекова, Виктория Графеева, Римма Волосенко, Наталья Богданова, Жасмин Қизатова және Елдана Тәліпова.
Осылайша Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрамалары жалпы 11 200 доллар сыйақы алды.
