Жаңалықтар

Елорда халқының саны екі есе өсті

Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді
Елорда халқының саны екі есе өсті
Фото: stat.gov.kz 06.09.2022 18:49 1336

Елорда халқының саны екі есе өсті, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

2009 жылы жүргізілген санақтан бері Нұр-Сұлтан тұрғындарының саны екі есеге артып, 1,23 млн адамды құрады (2021 жылғы қыркүйекте). Алдыңғы санақ қорытындысы бойынша қалада 619 мың адам тұрған.

 Республикалық маңызы бар басқа қалалардағы халық саны да айтарлықтай өсті. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша Алматыда халық саны 2,03 млн адамды құрады, мегаполис тұрғындары 630 мың адамға көбейген.

Шымкент қаласының халқы 430 мың адамға өсіп, 1,1 млн тұрғынды құрады. 

2021 жылғы санақ қорытындысы негізінде ағымдағы деректерді қайта есептеуден кейін 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қалалардағы халық саны келесідей: Нұр-Сұлтан – 1 328 535 Алматы – 2 135 365 Шымкент – 1 179 045.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға