Елорда іргесінде депо салына ма? Облыс әкімі жауап берді
Фото: © ОКҚ
Фото: © ОКҚ
06.12.2023 14:44
967
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап депоны салу жоспар бойынша іске асырылатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Марат Мұратұлының сөзінше, бүгінде Төтенше жағдай министрлігімен бірлесіп әрбір үлкен ауылды мекенге депо орнату жоспарланып отыр.
Оқи отырыңыз:
- Ақмолада агроөнеркәсіп кешенінде өңдеу өнімі неше пайызға жетті
- Ақмола облысы ел бойынша құс етін өндіруде көш бастап тұр
Депоны салу менің ғана ниетім емес, оны қаржыландыру керек, тиісті штат бөлу қажет. Оның бәрі жоспарлануда. Әрине, өте қауіпті, үлкен елді мекендер бар. Олар: Қараөткел, Талапкер, Қоянды, Жібек жолы болсын, барлығының есебі болады, - деп атап өтті өңір басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Ақтөбе облысына барды