Елорда әкімі банктегі кепілге алынғандарды құтқарған ІІМ қызметкерлеріне алғыс айтты
Фото: © Polisia.kz
Фото: © Polisia.kz
18.06.2023 21:10
770
Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек кепілген алынған банк қызметкерлерін құтқаруға атсалысқан ІІМ қызметкерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Каспи банкінің бөлімшесінде кепілге алынған азаматтарды құтқаруда ерекше ерлік көрсеткен полиция қызметкерлеріне, атсалысқан Ішкі істер министрлігінің басшылығына алғыс айтамын. Сол азаматтардың ширақ қимылының арқасында қылмыскер тез арада құрықталды. Кепілде болған азаматтар жапа шеккен жоқ, дәрігерлердің тексеруінен сол жерде өтті, - деп жазды қала басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, елордадағы Kaspi банк бөлімшелерінің бірінде қаруланған ер адам бірнеше кісіні кепілге алған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға