Елнұр Бейсенбаев AMANAT партиясының атқарушы хатшысы болып тағайындалды
AMANAT партиясының атқарушы хатшысы тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Саяси ұйымның баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың қаулысымен партияның атқарушы хатшысы қызметіне Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев тағайындалған.
Елнұр Сабыржанұлы 1986 жылы 27 маусымда сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Саясаттанушы, әлеуметтік ғылымдар магистрі.
2008 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетін бітірді.
Еңбек жолын «Жастар үні» жастар қоғамдық ұйымында маман ретінде бастап, 2009 жылы осы ұйымға төраға болып тағайындалған.
2012-2015 жылдары тарих пәнінің мұғалімі, Қазақстан коммунистік халық партиясының Алматы қалалық филиалында идеология және насихат жөніндегі хатшы қызметтерін қоса атқарды.
2016 жылдан 2017 жылға дейін Алматы қаласы әкімдігінің жастар жобалары және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы, жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымдарында еңбек етті.
2017 жылдан 2018 жылға дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде тәрбие жұмысы департаментінің директоры болып жұмыс атқарды.
2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі болды.
2020 жылы «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы болып сайланды.
Отбасылы, төрт бала тәрбиелеп отыр.