Жаңалықтар

Эльмира Суханбердиева: Бүгін тестке телефон алып кірмекші болғандар жылдағыдан әлдеқайда аз

ҰБТ
02.06.2016 08:18 3886

Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде ҰБТ басталды. Эльмира Суханбердиева: Бүгін тестке телефон алып кірмекші болғандар жылдағыдан әлдеқайда аз

Сынақ барысы қалай өтіп жатқандығын көру мақсатымен елордадағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне біз де барған едік.

Эльмира Суханбердиева: Бүгін тестке телефон алып кірмекші болғандар жылдағыдан әлдеқайда аз

Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және Ғылым вице-министрі:

– Қазір ғана барлық түлектерге ҚР Білім және Ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің атынан сәттілік тілеп шықтым. Оқушылардың көңіл-күйі көтеріңкі. Барлығы сабырлы қалыптарынан танбай отыр. Өйткені, олар 50 балдан төмен бал жинаған жағдайда апелляцияға беріп, содан соң 2 мың теңге төлеп, қайта сынақ тапсыруға болатынын біледі. Биылғы ҰБТ маңызды айырмашылығы – оған қатысушы түлектердің жоғары білім алуға мүмкіндік аясының кеңеюінде. Осы жылдан бастап, алғашқы рет нәтижесінде 50 балға жетпей қалған түлектер биылғы тамыз айында оны кешенді тестілеуде қайта тапсыруына (ақылы негізде) мүмкіндік беріледі. Сондықтан болар, балалар өте көңілді отыр.

Бүгін тестке телефон алып кірмекші болған түлектердің саны жылдағыдан әлдеқайда аз болды. Әрине, бізді бұл көрсеткіш таңғалдырғанын жасырмаймын. ҰБТ тапсырып жатқан 87 мың түлектің барлығы болашақта лайықты білім алса екен деп тілеймін.

Эльмира Суханбердиева: Бүгін тестке телефон алып кірмекші болғандар жылдағыдан әлдеқайда аз

Сара Молдашаева, Қ.Мұңайтпасов атындағы спорт мектебі, олимпиада резервтерін даярлайтын РММ оқу ісі бойынша орынбасары:

– Биыл біздің мектебімізден 72 түлек бітірді. Оның 53-і қазір ҰБТ тапсырып жатыр. Өздері спорт мектебінің түлектері болғандықтан, бүгін тестке әлем біріншілігінің, Азия және Қазақстанның бірнеше дүркін чемпиондары келіп отыр. Балалар спорт мектебіне республиканың түкпір-түкпірінен келіп оқитындықтан, ата-аналары алыста. Сондықтан, шәкірттеріме жанкүйер болып, ата-анасының орнына мен келіп отырмын.

Түлектеріміз өздеріне тиесілі балдарын жинап шығады деген ойдамын. Олар ҰБТ-ға жыл бойы дайындалды, арасында жан-жаққа жарысқа да барып үлгерді. Мектебіміз қала мектептерінің арасында ҰБТ қорытындысы бойынша былтыр 66 %, алдыңғы жылы 74 % көрсеткішке ие болған-ды. Ал, биыл 74 пайыздан да жоғары көрсеткіш жинаймыз деген үміттеміз.

Эльмира Суханбердиева: Бүгін тестке телефон алып кірмекші болғандар жылдағыдан әлдеқайда аз

Бексұлтан Тұрсынбай, Қ.Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатының оқушысы:

–       Мен бүгін Аслан, Тілек, Шыңғыс, Рахат деген достарыма қолдау білдіруге келдім. Олардың көбісі төртінші пән ретінде география пәнін таңдады. Достарым әскери маман болуды армандайды. Барлығына сәттілік тілеймін!

Эльмира Суханбердиева: Бүгін тестке телефон алып кірмекші болғандар жылдағыдан әлдеқайда аз

Жанна Әбжаппарқызы, ата-ана:

–       Бүгін менің ұлым ҰБТ тапсырып жатыр. Ол – қаладағы Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының биылғы түлегі. Балам мектепте жақсы оқыды. Тесттен жоғары бал алады деп сенемін. Өйткені, ол өз мақсатына жету жолында тынымсыз еңбектенеді, ізденеді. «Жер кадастры» мамандығына түссем деп армандайды.

Былтыр үлкен ұлым мектеп бітірген еді. Осы жылы Шымкент қаласындағы технологиялық университеттің 1-курсын тәмамдап жатыр. Ол ҰБТ тапсырғанда да, қатты қобалжыған болатынмын. Қазір де толқып отырған жайым бар. Балама «тек өз біліміңе сен! Еш қобалжыма!» деп ақыл айттым. Енді барлығын ойдағыдай тапсырып шықса екен...

Эльмира Суханбердиева: Бүгін тестке телефон алып кірмекші болғандар жылдағыдан әлдеқайда аз

ҰБТ еліміздің барлық өңірлерінде 2 маусым мен 10 маусым аралығында өтеді. Осы мақсатта арнайы жабдықталған 165 пункт құрылды. Орталық және жергілікті атқару органдары мен мемлекеттік комиссиялар тарапынан ҰБТ сәтті өтуі үшін барлық жағдай жасалған. Тесттік тапсырмалар базасы әдеттегідей жаңартылған.

115 пункт аудан орталықтарындағы мектеп ғимараттарында, 50 пункт облыс орталықтары, Астана және Алматы қалаларындағы жоғары оқу орындарында орналасқан.  Барлық пункттерде мемлекеттік комиссиялар құрылып, жұмыс істеп жатыр. ҰБТ өткізілетін аудиториялардың жалпы саны – 1114.

Эльмира Суханбердиева: Бүгін тестке телефон алып кірмекші болғандар жылдағыдан әлдеқайда аз

Биыл елімізде 121092 түлек мектеп бітірді. Оның 83 мың 330-ы   – қазақ, 37 мың 762-і – орыс тілінде білім беретін мектептерде білім алған. ҰБТ тапсыруға 86 мың 991 түлек өтініш білдірді. Бұл биыл мектеп бітірген түлектердің жалпы санының 72 пайызын құрайды (63021 түлек – қазақ, 23970 түлек – орыс тілінде оқытатын мектептердің оқушылары).

ҚР Білім және Ғылым министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдары өкілдерімен өзара тиімді әрекет жасау мақсатында 1815 маман бөлді (әр аудиторияға 1 маманнан кем емес).

Эльмира Суханбердиева: Бүгін тестке телефон алып кірмекші болғандар жылдағыдан әлдеқайда аз

Облыс орталықтары, Астана және Алматы қалаларында ҰБТ үйлестіру және өткізу жөніндегі штабтар ұйымдастырылды. Оның басты міндеттерінің бірі – түлектер мен олардың ата-аналарының арыз-тілектеріне жедел жауап беру. ҚР Білім және Ғылым министрлігі жанында Республикалық штаб белсенді жұмыс жасап жатыр.

Эльмира Суханбердиева: Бүгін тестке телефон алып кірмекші болғандар жылдағыдан әлдеқайда аз

ҰБТ нәтижелері құпия ақпарат санатына жатқызылғандықтан, оны тек жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) бойынша ғана алуға болады. Тестілеу нәтижелерінің тізімдеріндегі түлектердің аты-жөндерінің орнына ЖСН цифрлары көрсетіледі. Сонымен қатар, ҰБТ нәтижелері Ұлттық тестілеу орталығының сайтында www.testcenter.kz жарияланады. Аталған қызметке қол жеткізу үшін ЖСН немесе түлектің емтихан басталар алдында  алған жеке кодын енгізу қажет.


Роза ӘРЕН

Суреттерді түсірген Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға