Эльмира Сыздықова күрестен халықаралық турнирде алтын медаль иеленді

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
27.01.2025 17:34
720
Красноярск қаласында (Ресей) күрестен Иван Ярыгин кубогы дәстүрлі халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жарыста әйелдер құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізді. Отандастарымыз үш медаль жеңіп алды.
76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Эльмира Сыздықова финалда моңғолиялық Даваанасан Енх-Амарды жеңіп, жеңімпаз атанды.
Ал 62 келіге дейінгі салмақта қазақстандықтар тағы екі медальға ие болды: Виктория Хусаинова екінші орынды, ал Тыныс Дубек қола жүлдені иеленді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Гинекологты қан-жоса етіп ұрған: Заң қашан дәрігерлерді қорғайды
Келесі жаңалық
Елімізде ең тапшы дәрігерлер тізімі жасалды