El.kz-тің шығарушы редакторы арнайы жүлдеге ие болды
Марапатты Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов табыстады.
Фото: aqjolgazet.kz
Фото: aqjolgazet.kz
22.10.2022 14:59
1760
Жамбыл облысы баспасөзінің киелі қарашаңырағы «Ақ жол» газетінің алғашқы нөмірі жарық көргеніне жүз жыл толды, деп хабарлайды El.kz
Басылымның 100 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ақ жол» газеті: Қазақ баспасөзінің бүгіні мен ертеңі» атты республикалық байқауда порталымыздың аға шығарушы редакторы Олжас Сәндібек «Сыдық Абланов атындағы» арнайы жүлдеге ие болды. Әріптесімізді барша ұжым атынан құттықтаймыз!
Жеңімпаздардың қатарында Асхат Райқұл, Ақмарал Шағатай, Ақтоты Жаңабай және Марат Диханбай сынды журналистер де бар. Марапатты Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов табыстады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстан-Ресей дипломатиялық қатынасына – 30 жыл
Келесі жаңалық
Тұман, көктайғақ: 13 наурызда ауа райы қандай болады