Жаңалықтар

EL.KZ ақпараттық агенттігі "Экоlife" жобаны іске қосты

EL.KZ ақпараттық агенттігі "Экоlife" жобаны іске қосты
Фото: жасанды интеллект DALL-E-3 11.04.2025 17:34 423

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған "Таза Қазақстан" ұлттық жобасы елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға тың серпін берді. Осы бастама аясында EL.KZ ақпараттық агенттігі "Экоlife" атты жаңа экологиялық жобаны іске қосты.

Бұл жоба — қоршаған ортаны қорғау, экологиялық сауаттылықты арттыру және жас ұрпаққа экосана қалыптастыру мақсатында әзірленген тың платформа.

"Экоlife" жобасы аясында еліміздің экологиялық ахуалы, табиғатқа зиян келтірмеу жолдары, күнделікті өмірде жасыл өмір салтын ұстанудың тәсілдері кеңінен насихатталады. Жоба арқылы оқырмандар пластикті азайту, суды үнемдеу, ағаш отырғызу, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау секілді қарапайым, бірақ маңызды әдеттерді меңгеруге мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, жоба экологиялық еріктілер қозғалысын, жергілікті бастамаларды, жасыл технологияларды дамыту және "жасыл экономика" принциптерін қолдауға арналған түрлі материалдармен толықтырылып отырады. EL.KZ порталында арнайы айдарлар ашылып, сарапшылармен сұхбаттар, бейнематериалдар, инфографикалар мен блогтар жариялануда.

"Экоlife" — бұл болашақ ұрпаққа таза және жайлы орта қалдыруға бағытталған ортақ іс. Табиғатты қорғау — әр азаматтың борышы. Осы бастама арқылы қоғамды біріктіріп, экологиялық жауапкершілікті арттыру — басты мақсат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға