Елімізге Starlink жабдығының алғашқы 500 данасы жеткізілді
Фото: t.me/bagdat_mussin_official
Фото: t.me/bagdat_mussin_official
24.02.2024 23:50
1045
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматыға жабдықты қабылдау барысын арнайы тексеру үшін келдім. Келесі аптада Түркістан және Ақмола облыстарындағы Starlink орнатуға толық дайын мектептерге жабдықтарды жеткізу басталады. Аталған облыстардың әкімдіктері барлық дайындық жұмысын жақсы жүргізді, - деп жазды ведомство басшысы.
Айтуынша, қалған өңірлерге 10 күннен кейін келетін келесі кезекте жеткізіледі.
Барлығы 20 күн ішінде 2000 жинақ келеді, олар елдегі 2000 шалғайдағы ауыл мектебін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етеді, - деп атап өтті министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды