Елімізге Конго мен Өзбекстан президенттері келеді

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
31.07.2024 11:02
847
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2-3 тамыз күндері Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессо Қазақстанға ресми сапармен келеді.
7-8 тамыз күндері Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевтің елімізге мемлекеттік сапары болады.
9 тамыз күні Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуі өтеді.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті