Елімізге Германияның Бундестаг делегациясы келді
Қазақстанға Германия Федеративтік Республикасы Бундестагының ресми делегациясы келді, деп хабарлайды El.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бундестаг делегациясының құрамында «Германия-Орталық Азия» парламенттік тобының мүшелері бар.
Сапар аясында топ төрағасы Ойген Шмидт пен оның әріптестері Томас Барайсс, Кристиан Горке және Кристиан Шрайдер Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен, Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Роман Склярмен, сондай-ақ Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Асқар Шәкіровпен кездесті.
Германия Бундестагының депутаттарының Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенкомен да кездесуі және оның барысында Қазақстан-Германия қарым-қатынастары мен халықаралық күн тәртібіндегі басым мәселелері бойынша пікір алмасу жоспарлануда.
Биыл 19 наурызда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауы тұрғысында неміс тарапы «Әділетті Қазақстанды» құру аясындағы саяси және әлеуметтік өзгерістердің ауқымды бағдарламасы туралы ақпаратты қызығушылықпен қабылдады.
Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы тығыз саяси диалогты құптады.