Жаңалықтар

Еліміздің үш қаласына жаңа атау беріледі

Еліміздің үш қаласына жаңа атау беріледі
Фото: © El.kz 14.04.2025 12:55 428

Астана, Алматы және Қарағанды қалаларына «Еңбек даңқы қаласы. 1941–1945 жылдар» құрметті атағы беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мұндай шешім ТМД-ның Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында қабылданды. Атақ Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында беріледі. Бұл құрметке ТМД-ға мүше басқа да қалалар ие болмақ

Соғыс жылдарында Астана (ол кезде – Ақмола), Алматы және Қарағанды қалаларындағы кәсіпорындар әскери және азаматтық өнімді үздіксіз шығарып отырды. Халық ерен еңбек ерлігі мен жанқиярлық танытты. Осыған байланысты бұл қалаларға «Еңбек даңқы қаласы» атағын беру туралы шешім қабылданды.

Аталған қалаларда жаңа мәртебе туралы ақпарат пен қаланың елтаңбасы бейнеленген арнайы стелалар орнатылады. Бұған дейін Қазақстан тарапы ТМД-ның Гуманитарлық ынтымақтастық кеңесіне ресми өтініш жолдаған болатын. Бұл ұсыныс 11 сәуірде Алматыда өткен кеңестің отырысында мақұлданды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға