Жаңалықтар

Еліміздің үш облысында жол ашылды - ҚазАвтоЖол

Еліміздің үш облысында жол ашылды - ҚазАвтоЖол
Фото: El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ 25.01.2025 09:25 426

2025 жылғы 25 қаңтар сағат 06:00-де республикалық автожолдарда көлік қозғалысы ашылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шығыс Қазақстан облысы:

- «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» автожолының 6-337 шақырым аралығы, Ушановское а.-Катонқарағай а.

- «Өскемен-Риддер» автожолының 15-105 шақырым аралығы, Белоусовка а.-Риддер қ.

- «Өскемен-Семей» автожолының 10-103 шақырым аралығы, Герасимовка а.- Абай облысының шекарасы.

- «Алматы-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 1013-1048 шақырым аралығы, Абай облысының шекарасы- Уланское а., 1104-1191 шақырым аралығы (Глубокое а.-Шемонаиха қ.), 1194-1212 шақырым аралығы (Шемонаиха қ.-РФ шекарасы).

- «Омбы-Майқапшағай» автожолының 1103-1256 шақырым аралығы, Абай облысының шекарасы-Зайсан қ.

- «Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Марқакөл» автожолының 0-124 шақырым аралығы, Дайырово а.- Марқакөл а.

Абай облысы:
- «ҚХР шекарасы-Майқапшағай-Зайсан-Қалбатау-Семей-Павлодар-РФ шекарасы» автожолының 910-1103 шақырым аралығы, Қалбатау а.-ШҚО шекарасы.

- «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 615-1013 шақырым аралығы, Жетісу облысының шекарасы-ШҚО шекарасы.

- «Өскемен-Семей» автожолының 103-198 шақырымы, ШҚО шекарасы–Семей қ.

Жетісу облысы:
- «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 557-615 шақырым аралығы, Үшарал қ.-Абай облысының шекарасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға