Еліміздің төрт облысында жол жабылды
QazАvtoJol 20 қаңтар күні сағат 18:00-дегі ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің төрт облысында республикалық маңызы бар автожолдардың төрт учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облысында - 1 учаске
1.«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» 255-330 км, Қарауылкелді а. -Атырау обл.шек. - 75 км (бұрқасын).
Жамбыл облысында - 1 учаске
1.«Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен а. - Қайнар а. - 79 км
(қар аралас жаңбыр, тұман, шектеулі көрініс).
Жетісу облысында – 1 учаске
1.«Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. -Достық ст. – 100 км.
(тұман, шектеулі көрініс).
Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске
1.«Самара-Шымкент» 195-246 км, РФ шек.-Орал қ. – 51 км.
(РФ ауа райының қолайсыздығына байланысты).
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 367 бірлік техника және 652 жолшы жұмылдырылды.