Еліміздің төрт облысында дауылды ескерту жарияланды
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді![Еліміздің төрт облысында дауылды ескерту жарияланды Еліміздің төрт облысында дауылды ескерту жарияланды](/storage/storage/element/2022/12/07/mainphoto/30040/1200xauto_5wcoO25ErTtFGUxddwElmEhGGTpuuaw57AB2Q28I.jpg)
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
07.12.2022 14:21
4385
Еліміздің төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
7 желтоқсанда оңтүстікте, 8-9 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Жетісу облысында түнде және таңертең тау бөктеріндегі аймақтарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Солтүстікте, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Елордада TEDxAstana конференциясы өтті