Ақмола облысында Астана және Сілеті су қоймалары 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы да 100%-ға толы, өңірде су тасқыны жалғасуда. Сергеев су қоймасы бөгетінің жотасынан асып кеткен судың биіктігі 2,6 метр.
Бүгінгі күнге Петропавл қаласының шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі-1355 см, бұл көрсеткіш өткен тәуліктен өзгерген жоқ. Аймақта күрделі жағдай сақталады.
Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірдегі жағдай тұрақты.
Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші шамамен 80%.
Абай облысында Шүлбі су қоймасы 74%-ға толды. Өңірде су тасқынының белсенді кезеңі жалғасуда.Ертіс каскадының су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр.
Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасының орташа су жинау қарқыны 80%. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Ресеймен шекарада Жайық өзенінің деңгейі 818 см.
Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 98%-ға толы. Жағдай тұрақты.
Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық кестеде жұмыс істейді.
Барлық су қоймаларында тәулік бойы кезекшілік жалғасуда, сағат сайын су шаруашылығы жағдайына мониторинг жүргізіледі.
Еліміздің су қоймаларындағы ахуал қандай
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
17.04.2024 23:16
615