Жаңалықтар

Еліміздің стационарларында 3,4 млн адам емделді

Еліміздің стационарларында 3,4 млн адам емделді
Фото: ҚР ДСМ 05.01.2025 22:13 343

Қазақстанда 2024 жылдың қорытындысы бойынша 3,4 млн астам тұрғын стационарлық ем алды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 87 мың жағдайға көп, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет кепілдік берген көлемнің шеңберінде емделген науқастардың жалпы санынан 1 млн пациент медициналық көмек алды, МӘМС жүйесінде 2,4 млн жағдай емделіп, 2023 жылмен салыстырғанда 76 мың жағдайға өсті.

Стационарлық деңгейде 928 мың операция жүргізілді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 3,8%-ға немесе 35 мың жағдайға асып түсті.
Жыл басынан бері қазақстандықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің есебінен көрсетілген компьютерлік томография (КТ) және магниттік-резонанстық томография (МРТ) сияқты 1 млн астам қымбат зерттеулерден өтті, - делінген мәліметте.

Осы қызметтер ұсынылған 500 мың пациенттің 45 мыңы онкологиялық ауруларға күдік туындаған жағдайда зерттеуден өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға