Жаңалықтар

Еліміздің қай өңірінде кәмелет жасқа толмаған қыздар көп жүкті болған

Еліміздің қай өңірінде кәмелет жасқа толмаған қыздар көп жүкті болған
Фото: © Antonioguillem @stock.adobe.com 03.01.2024 14:31 1855

Кәмелет жасқа жасқа толмаған қыздардың жүктілігі мен тұрмысқа шығуы туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігі сайттың ресми сауалына берген жауабында 2023 жылы ақпараттық жүйелердің мәліметі бойынша 2023 жылдың 11 айында Қазақстанда 18 жасқа толмаған 2105 қыз жүкті болғанын хабарлады.

11 мен 16 жас аралығында 97 қыз жүкті болып қалған. 2023 жылдың 11 айында жүкті болған 18 жасқа дейінгі қыздардың ең көп саны Түркістан, Маңғыстау және Алматы облыстарында тіркелгені хабарланды. 18 жасқа толмаған босанған қыздардың саны 1411 болған. 2023 жылдың 11 айында Қазақстанда 16 мен 18 жас аралығында 1 676 қыз жүкті болып қалған.

Сауалға жауап ретінде Ұлттық статистика басқармасы 2023 жылы 18 жасқа толмаған 866 қыздың тұрмысқа шыққанын, ал 18 жасқа толмаған 79 ұлдың үйленгенін айтты.

Айта кетейік, Қазақстанда 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскені үшін (зорлық-зомбылықсыз) қылмыстық жаза қарастырылған. Қылмыстық кодекстің 122-бабында көрсетілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға