Жаңалықтар

Еліміздің өңірлерінде су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасуда

Еліміздің өңірлерінде су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасуда
Фото: Видеодан кадр 18.04.2024 01:08 504

4 134 тұрғын үй мен 2 698 аула аумағында судың бағыты бұрылды. Осы сағатта 18 651 адам өз үйлеріне оралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

6 932 адам, оның ішінде 3 143 бала эвакуациялау пункттерінде. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 117 617 адам, оның ішінде 43 887 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 113 852 ауыл шаруашылық жануарлары қауіпсіз жерге айдалды.
Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш осындай мәліметтерді жария етті.

Оның айтуынша, 10 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 3,1 млн астам қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 798 жеке тұрғын үй, 1 130 аула аумағы су астында қалуда.
Зардап шеккен өңірлерге теміржол, автомобиль көліктерімен және әуе кемелерімен 4 211 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

Торғай өзені су деңгейінің көтерілуі қаупіне байланысты Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құйлыс ауылының тұрғындары алдын ала эвакуацияланды. Ырғыз ауданында жағалауды бекіту және гуманитарлық көмек жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Торғай өзені су деңгейіне мониторинг жүргізілуде, - деді спикер.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 43 976 адам, 4 633 техника, 860 су сору құралы, 332 жүзу құралы, 17 әуе кемесі жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға