Еліміздің мектептерінде оқу жылы қашан аяқталатыны анықталды

Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
01.04.2024 10:06
2824
1 сәуір күні Оқу-ағарту министрлігі биылғы оқу жылының аяқталатынын мерзімін атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, 1 сәуір күні төртінші тоқсан басталса, оның ұзақтығы 8 аптаны құрайды.
Қазақстандық мектептердегі төртінші тоқсан 1 сәуірден 25 мамырға дейін жалғасады. Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды. Сондай-ақ 25 мамырда қорытындылар шығарылып, оқу жылы аяқталады, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар 1 сәуірден бастап 1 сыныпқа құжаттар қабылдау басталатыны туралы жазғанбыз.
Бөлісу:
