Еліміздің ерлер құрамасы медальдар кестесінде екінші орын алды
Бұл туралы Prosports.kz сайты мәлімдеді
Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz
13.11.2022 10:50
2028
Иордания астанасы - Амман қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында еліміздің ерлер құрамасы медальдар кестесінде екінші орынға ие болды, деп хабарлайды El.kz.
Құрлықтық додада қазақстандық боксшылар 3 алтын, 6 күміс, 3 қола медаль алды. Нәтижесінде медальдар кестесінде екінші орынға жайғасты.
Медальдар кестесінде Өзбекстан 5 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен көш бастап тұр. Үздікті үштікті 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен Иордания құрамасы түйіндеді.
Медальдар кестесінде құрамалардың орналасуы төмендегіше:
1. Өзбекстан - 5-2-3
2. Қазақстан - 3-6-3
3. Иордания - 2-2-1
4. Таиланд - 2-0-0
5. Филиппин - 1-0-0
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды