Жаңалықтар

Еліміздің екі өңіріндегі су жағдайы туралы белгілі болды

Еліміздің екі өңіріндегі су жағдайы туралы белгілі болды
Фото: Бейнежазбадан скриншот 19.04.2024 02:36 555

Шығыс Қазақстан облысындағы гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеп тұрғаны мәлім болды, еп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Орта таулы аймақта және таулардың оңтүстік беткейлерінде қар жамылғысының еруіне байланысты Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқыны басталды. Өңірдің солтүстік және шығыс аудандары ерекше бақылауда.

Бүгінгі таңда қар жамылғысының ауданы облыстың 44% құрайды. ЖАО жоспары бойынша, жұмыстардың барлығы аяқталды, бірақ қауіп бар аудандарда жағалауды нығайту, және су тұбін тазарту, бөгеттерді биіктету, қаптар қою жұмыстары жалғасуда. Гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеуде, - деді ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Арман Наурызбаев ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Облыста жедел штаб жұмыс істеуде. Күштер мен құралдар дайындыққа келтірілді. Жағдай тұрақты бақыланып отыр. 

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысындағы жағдай тұрақтанып келе жатқаны айтылды. 

Есіл, Қызылжар аудандарының елді мекендерінде және Петропавл қаласында су баяу болса да кетіп жатыр. Су тасқынының екінші толқыны күтілуде. Оны біз Сергеев су қоймасына қарап байқап отырмыз. Қазіргі уақытта су бөгет шыңынан 2 м 93 см асты, тәулігіне 18 см артқан, - деді СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Спикер биылғы антирекорд 4 м 25 см екенін атап өтті. Су тасқыны басталғаннан бері облыста 3419 үйді су басқан. Сонымен бірге, 173 үйден су кетті. Қазіргі уақытта облыс бойынша 3223 үй және 1115 үй маңындағы аула суда құрсауында тұр. Жалпы облыс бойынша 14388 адам эвакуацияланса, олардың 3596 балаларды құрайды. Бүгінгі күнде 705 адам өз үйлеріне оралып отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға