Еліміздің екі облысында жолдар жабылды
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
02.01.2024 12:34
768
Қазақстанның екі облысындағы республикалық маңызы бар автожолдардың үш учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы ҚазАвтоЖолға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жетісу облысында — 1 учаске:
1. «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. — Достық ст. дейін — 100 км.
Қарағанды облысында — 2 учаске:
1. «Екатеринбург-Алматы» 1505-1610 км, Новостройка а.-Ақсу-Аюлы к. дейін — 105 км.
2. «Екатеринбург-Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы», Пришахтинск а. — Новостройка а. — 16 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады.
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 392 бірлік техника және 599 адам жұмылдырылды, — делінген ведомство мәліметінде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде басталды