Жаңалықтар

Еліміздің бокс федерациясы Сәкен Бибосыновтың жеңілісінен кейін ІВА-ға шағым түсірді

Еліміздің бокс федерациясы Сәкен Бибосыновтың жеңілісінен кейін ІВА-ға шағым түсірді
Фото: Фото профиля boxingkazakhstan boxingkazakhstan 07.05.2023 16:55 1039

ҚР бокс федерациясы Ташкенттегі әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде жеңіліс тапқан Сәкен Бибосыновтың нәтижесіне қатысты қарсы шағым түсірді,  деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Халықаралық бокс федерациясының (ІВА) басшысының атына жолданған шағымның нәтижесі әзірге қалай болары белгісіз. 

Қазақстан бокс федерациясы (IBA) Халықаралық бокс федерациясының президенті Умар Кремлёвтің атына отандасымыз Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегіндегі төрешілердің даулы шешіміне қатысты ресми шағым жолдады. Қазір IBA басшылығынан жауап күтіп отырмыз .Өкінішке қарай, қазіргі ережесі сай аппеляция беруге рұқсат етілмейді. Тек жекпе-жекте төрешілер бағасы 3:2 немесе 2:3 болса ғана шешім қайта қаралады, - деп жазды ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметі. 

Әлем чемпионатының 1/16 финалда Үндістан боксшысы Дипак Кумарға есе жіберген Сәкен Бибосыновтың нәтижесіне бапкерлер келіспейтіндіктерін білдірген. 

Бұған дейін 67 және 71 келіде сынға түскен боксшылар жеңіске жеткен болатын. Бүгінгі сында ұлттық құраманың тағы үш мүшесі сынға түседі. Олардың қатарында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев та бар.  

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға