Жаңалықтар

Еліміздің бірқатар өңірінде үсік жүреді

Еліміздің бірқатар өңірінде үсік жүреді
Фото: © Pixabay.com 15.05.2023 02:16 550

Қазгидромет 15 мамырда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы облысының таулы, тау етегіндегі аудандарында найзағай ойнап, батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 17-22 м/с болады.

Алматыда күндіз найзағай ойнайды.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді.

Көкшетауда түнде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман түседі. Батыстан жел соғады күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың батысында 1 градус үсік жүреді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік жүреді.

Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түркістанда солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с-ке жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының шығысында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді.

Астанада түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с.

Талдықорғанда түнде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

15-16 мамырда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, 3 градус үсік жүреді.

Павлодарда түнде топырақтың бетінде 3 градус үсік жүреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға