Еліміздің бірқатар өңірінде үсік жүреді

«Қазгидромет» РМК 13 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.
Ұлытау облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз найзағай. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 16 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Түнде облыстың батысында 3 градус үсік күтіледі.
Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батысында, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 3 градус үсік күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с.
Шымкентте күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман, 2 градус үсік күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Астанада солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.
Алматы облысында жел оңтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
