Еліміздің бірқатар өңірінде құрғақшылық күтіледі

Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
06.06.2023 12:21
735
«Қазгидромет» РМК болжамынша, маусым айында Қазақстанның басым аймағында ылғалдану жағдайы нормаға жуық болады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ал солтүстік-батыстың жеке аудандарында, елдің оңтүстігінде, сондай-ақ солтүстікте және орталықта бірқалыпты құрғақшылық аймақтары күтіледі.
Құрғақшылық күтілетін өңірлер:
Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз және Хромтау аудандарында,
Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында,
Қызылорда облысы Қармақшы ауданында,
сондай-ақ Ақмола облысының Жақсы ауданында және Қарағанды облысының Шет ауданында.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Мемлекеттік балабақшалар қазақ тіліне көшіріледі – министр
Келесі жаңалық
Қостанай облысы бірнеше көлік қар құрсауында қалды