Жаңалықтар

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 10.07.2023 04:26 856

Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Батыс Қазақстан облысы

10 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай, бұршақ, облыстың оңтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.

10-11 шілдеде облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Орал қ.: 10 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 37-39 градус ыстық күтіледі. 10-11 шілдеде жоғары өрт қаупі күтіледі.

 Шығыс Қазақстан облысы

10 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

10-12 шілдеде облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Өскемен қ.: 10 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Атырау облысы

10 шілдеде Атырау облысының батысында, оңүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус ыстық сақталады.

10-11 шілдеде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау қ.: 10 шілдеде кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с. 10-11 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысы

10 шілдеде күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 10-12 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жезқазған қ.: 10 шілдеде күндіз 36 градус қатты ыстық сақталады.

Абай облысы

10 шілдеде Абай облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. 10-12 шілдеде облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Семей қ.: 10 шілдеде жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. 10-12 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысы

10 шілдеде күндіз Костанай облысының басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Қостанай қ.: 10 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Павлодар облысы

10-12 шілдеде Павлодар облысының солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде төтінше өрт қаупі күтіледі.

Түркістан облысы

10 шілдеде күндіз Түркістан облысының тау асуларында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. 10-12 шілдеде облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістан қ.: 10-12 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысы

10 шілдеде Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық сақталады. 10-12 шілдеде Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: 10 шілдеде күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. 10-12 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысы

10 шілдеде күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. 10-12 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға