Жаңалықтар

Еліміздің бірқатар өңірінде 11 бала қар құрсауынан құтқарылды

Еліміздің бірқатар өңірінде 11 бала қар құрсауынан құтқарылды
Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан алынған кадр 11.03.2025 12:44 298

ТЖМ құтқарушылары 11 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, кезекші тәулік ішінде еліміздің төрт өңірінде 8 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып, жол қозғалысын жалғастыра алмады. Көлік құралдарының ішінен құтқарушылар 27 адамды, оның ішінде 11 баланы эвакуациялады.

Авариялық-құтқару жұмыстары Ақмола облысының Аршалы ауданында, Ұлытау облысының Ұлытау ауданында, Қарағанды облысының Теміртау қаласының және Қостанай облысының Арқалық қаласының амаңында жүргізілді. Барлық саяхатшы жақын жылыту пункттеріне жеткізілді. Жедел іс-қимылдар мен құтқарушылардың уақтылы көмегінің арқасында ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, - делінген мәліметте.

ТЖМ жүргізушілерге сапарға шығар алдында ауа райы болжамын бақылап, төтенше жағдайлар үшін қажетті заттарды өзімен бірге алып жүруге кеңес береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға