Еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел соғады
Еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің тау асуларында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Шымкентте, сондай-ақ Түркістан қаласында да түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.
Абай облысының солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с, тіпті кей уақыттарда 30 м/с-ға дейін жетіп, одан да асады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман болады.
Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні — 18 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Петропавлда да түнде және таңертең тұман болады.
Алматы облысының шығысында шығыстан жел соғады, екпіні — 18 м/с.