Жаңалықтар

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 11.03.2025 00:12 123

Синоптиктердің болжамынша еліміздің бірнеше өңірінде қар жауып, жел соғады, тұман түседі. Осыған байланысты "Қазгидромет" РГП мәліметінше дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысында 11 наурызда түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ болады деген болжам бар.

Алматы мен Қонаев қалаларында түнде және таңертең тұман мен жолдарда көктайғақ болуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деген болжам. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Өскемен қаласында 11 наурызда қар, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-18 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қаласы 11 наурызда кей уақытта тұман түседі деген болжам бар.

11 наурызда түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деген болжам бар. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Семей қаласында  қар, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-18 м/с.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында тұман түседі. Ал Қызылорда қаласында кей уақытта тұман түсуі ықтимал.

Түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсеі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодар қаласында 11 наурызда түнде қар, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайға болады деген болжам бар.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Орал қаласында 11 наурызда тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қаласында да түнде және таңертең тұман түседі.

Астана қаласында бұл күні  кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-18 м/с.

Қостанай облысында түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында түнде екпіні 15-20 м/с.

11 наурызда Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман түседі деген болжам бар.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында тұман түсіп, оңтүстіктен жел соғады. Түнде облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 15 м/с жел тұрады.

Ақмола облысында түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қаласында 11 наурызда жолдарда көктайғақ болады.

Таңертең және күндіз Ұлытау облысының шығысында көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда тұман. Жезқазған қаласында 11 наурызда кей уақыттарда тұман , көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Қарағанды қаласында  көктайғақболады деген болжам бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға