Еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бұл туралы Қазгидромет мәлімдеді
Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның 11 облысында желдің екпіні күшейіп, көктайғақ пен боран болады, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2 қарашада түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Таразда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының орталығында оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20, күндіз 25 м/с болады.
Қызылордада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
2 қарашаға қараған түні Қарағанды облысының шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел орталықта оңтүстіктен, облыстың шығысында екпіні 15-20, кейде 25 м/с дейін барады.
Қарағандыда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 18 м/с.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең көктайғақ, аздаған бұрқасын болады. Солтүстік-батыс, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Оралда түнде және таңертең көктайғақ болып, баяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 18 м/с.
Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тауларда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікте, батыста солтүстік-батысқа ауысады, таулы және тау етегіндегі аудандарда - 15-20, таулы асуларда екпіні - 23-28 м/с.
Шымкентте 2 қарашада таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с жетеді.
