Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
17.07.2024 14:04
733
Синоптиктер 18, 19 және 20 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Болжам бойынша, аз жылжымалы оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтал бөліктер еліміздің көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды, жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі.
Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, 19-20 шілдеде солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанадағы мешітте ұрлық жасаған әйел анықталды
Келесі жаңалық
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды