Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады
Тұман түсіп, көктайғақ болады
Синоптиктер 24 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Атлантикалық циклон ҚР басым бөлігіндегі ауа-райын анықтайды – жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, еліміздің шығысында қар жаууы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел күшейіп, ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында бұрқасын болады.
Жетісу облысының солтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел күшейеді, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Жел оңтүстік-шығыстан түнде 2-7, күндіз секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -12-14, күндіз -3-5 градус болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел секундына 2-7 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +2+4, күндіз +9+11 градус болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +5+7, күндіз +17+19 градус болады.
