Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазгидромет 10 тамызда ауа райына байланысты еліміздің 16 өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күндіз Алматы облысының басым бөлігінде аптап ыстық болады деп болжанады. Сынап бағаны 36 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Облыстың таулы аудандарында, тау бөктерінде найзағай ойнап, күн күркіреуі ықтимал. Найзағай кезінде солтүстік-батыстан шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. құрайды. Алматы облысының орталығында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнап, күн күркіреуі ықтимал. Облыстың солтүстігінде, орталығында бұршақ жауып, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жезқазғанда найзағай жарқылдайды деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды.
Күндіз Абай облысының батысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз найзағай ойнауы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қарағанды облысының орталығында, шығысында нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде бұршақ жауады, дауыл тұрады деп болжанады. Түнде өңірдің солтүстігінде, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Қарағандыда таңертең және түстен кейін найзағай ойнауы мүмкін.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аракідік нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі деп болжанады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде күндіз найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау облысында аптап ыстық сақталады: +35...+37°С. 10 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Атырауда күндіз қатты ыстық болады деп болжанады: +35...+36°С. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының шығысында найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Облыстың шығысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында солтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында аптап ыстық болады деп болжанады: +37°С. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары.
Түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында бұршақ түсуі ықтимал. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз найзағай болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Таңертең және түстен кейін Павлодар облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары. Павлодарда күндіз найзағай болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде аптап ыстық сақталады деп болжанады: +38...+42°С. Төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Күндіз аптап ыстық болады деп күтіледі: +38°С. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнауы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Жетісу облысының таулы аймақтарында, оңтүстігінде найзағай ойнауы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде аптап ыстық сақталады деп болжанады: +35...+36°С. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз қатты ыстық болады деп күтіледі: +35°С. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Таңертең және түстен кейін Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнауы мүмкін. Облыстың таулы аудандарында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстағы екпіні 23 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Петропавлда күндіз найзағай болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с құрауы мүмкін.