Еліміздің әуе компанияларының паркі бес ұшақпен толықтырылды

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com
29.07.2024 09:21
494
Үкіметтің баспасөз қызметі азаматтық авиациядағы жетістіктер туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылы Қазақстанның азаматтық авиациясы айтарлықтай өсім көрсетті. Жолаушылар ағыны 15%-ға артып, 6,8 млн адамға жетті. Жаңа халықаралық рейстер ашылып, бағыттар 33 елге дейінгі кеңейтілді.
Әуе компаниялары паркі 5 ұшақпен толықтырылды. Алматы қаласы әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы аяқталып, Қызылорда және Шымкент қалаларының әуежайларында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ биыл Павлодар қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялау жұмыстары басталды, ол жоспар бойынша 2025 жылы аяқталады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елімізде жол құрылысы бойынша рекорд орнатылды