Еліміздің әскери қызметшілері Түркияға аттанды
Арнайы мақсаттағы күштердің халықаралық жаттығуы күрделі рельефпен және қарының көптігімен ерекшеленетін Карс провинциясының маңында өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Қыс» оқу-жаттығуы екі жылда бір рет өткізіледі. Іс-шаралар жоспарлау және дайындық, бірлескен жаттығулар, сондай-ақ практикалық іс-шаралар секілді үш кезеңге бөлінген.
Оқу-жаттығу барысында «Ақбаба» полигонында қысқы кезеңде өмір сүру үшін командалық жоспарлау және шаралар қабылдау мәселелері пысықталуда. Бірлескен дайындық төтенше жағдайларда әкімшілік және логистикалық процестерді реттеуге мүмкіндік береді.
Іс-шараға Әзербайжан, Бангладеш, Босния және Герцеговина, Грузия, Египет, Италия, Моңғолия, Пәкістан, АҚШ және т. б. Елдердің әскери қызметшілер қатысады.
Корпус пен бригаданың басқару пунктерінде шешімдер қабылдауға Қазақстан Қарулы күштерінің Құрлық әскерлерінен жедел топ тартылды.
Бірлескен жұмыс басқару органдарының үйлесімділігін арттыруға, қарлы әрі суық кезеңде бөлімшелердің жауынгерлік қабілетін, қозғалыс қарқынын сақтау үшін алдын алу шараларын қабылдау қабілетін дамытуға бағытталған.