Еліміздің алты облысында жолдар жабылды

«ҚазАвтоЖол» еліміздің алты облысындағы 10 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қостанай облысы:
«Жезқазган-Арқалық-Петропавл» 252-340 шақырым аралығы (Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін).
Ақтөбе облысы:
«Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 3-257 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласынан - Шалқар қаласына дейін);
«Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы» автожолының 14-104 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы - Қандыағаш қаласы);
«Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы» автожолының 104-337 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Атырау облысының шекарасы).
«РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғасы - ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы - Қызылорда облысының шекарасы);
Атырау облысы:
«Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы» автожолының 337-517 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Доссор ауылы);
Қарағанды облысы:
«Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1505-1855 шақырым аралығы (Атамекен ауылынан Балқаш қаласына дейін).
«Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 788-906 шақырым аралығында (Ұлытау облысының шекарасынан Топар ауылына дейін)
Қызылорда облысы:
«РФ шекарасы-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысы шекарасы-Арал қаласы).
Ұлытау облысы:
Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 756-788 шақырым аралығында (Жаңаарқа ауылынан Қарағанды облысы шекарасына дейін).
«Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 137-252 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Ұлытау ауылынан Қостанай облысы шекарасына дейін);
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 558 арнайы техника мен 1220 маман жұмылдырылды.
