Еліміздің 7 облысында жол жабық
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» мәлім етті
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz
05.01.2023 09:07
2247
Сағат 8:45-тегі мәліметтер бойынша, республикалық бағыттағы жолдардың 32 бөлігі жабық, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Республикалық бағыттағы жолдарда қардан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстарға 50 арнайы техника жұмылдырылған.
Күн бұзылғаннан бастап (3 қаңтар) 2200 м3 көктайғаққа қарсы материалдар пайдаланылған.
Ақмола, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарындағы жолдар жабық.
Ауа райының бұзылуына байланысты жағдай әсіресе Қарағанды, ШҚО және Абай облыстарындағы республикалық трассаларда жағдай күрделі. Өткен тәуліктерде қар құрсауынан 200 көлік пен 346 адам шығарылды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
5 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Келесі жаңалық
Атырауда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеген