Жаңалықтар

Еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: pixabay 19.11.2022 22:00 2175

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды,  деп хабарлайды El.kz.

20 қараша Алматы қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, күндіз батысында көктайғақ. Актөбе қаласында түнде көктайғақ болды.

Алматы облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. 20 қарашада Атырау облысының шығысында және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау қаласында түнде және таңертен тұман болуы ықтимал. 

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

20-21 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қаласында 20-21 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының солтүстігінде, таулы және тау етегіндегі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін.

Қарағанды облысында оңтүстігінде тұман, көктайғақ.

Түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстік жартысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.

Қызылорда облысының солтүстігінде және Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады.

Павлодар облысының олтүстік-батысынан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Ұлытау облысында солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болжанады.

Жауын-шашынға байланысты көктайғақ болуы мүмкін. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары, сондай-ақ көше жарақаттары: соғылу, шығып кету және сыну қатерлері ұлғаяды. Көктайғақ кезінде азаматтарға тайғанамайтын табаны бар аяқ киім кию ұсынылады.

Абай болыңыздар! 

Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде абай болып, төмен жылдамдықты сақтауды және сақ болуды ұсынады. Жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде өте мұқият болуы керек, асығуға немесе жүгіруге болмайды.

Азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылауға кеңес береміз. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға