Еліміздің 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» мамандары 22 қазанда Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ орталығы Оралда тұман болады деп күтіледі.
Қарағанды облысының шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады.
Күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкент пен Түркістан қалаларында да күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Астанада тұман болады деп күтіледі. Түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болатыны болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ Көкшетау қаласында да тұман болады.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, сондай-ақ Атырау қаласында да тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ Петропавл қаласында да түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Павлодарда да түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.
Абай облысында батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Алматы облысының орталығында, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қонаев қаласында да оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.