Жаңалықтар

Еліміздегі жалғыз палеонтологиялық мұражай қай қалада?

Табиғаттың тылсым әлемі
Еліміздегі жалғыз палеонтологиялық мұражай қай қалада?
19.01.2017 09:47 16811

Қазақстандағы мезозой дәуірінен сыр шертетін жалғыз палеонтологиялық мұражайы Атырау қаласында орналасқан. Мұражай үлкен емес, экспозиция екі бөлмені алып жатыр, дегенмен осында жиналған экспонаттардың бірегейлігіне әлемдегі көптеген мұражайлар қызыға алады. Мұражайдың барлық экспонаттары төлтума, олардың көбісі Атырау облысында табылған.

Мұражайдың тағы бір ерекшелігі – оның экспозициясын жалғыз адам –  өлкетанушы-палеонтолог Юрий Александрович Пастухов жинаған. 20 жыл бойы Юрий Пастухов пен оның шәкірттері Атырау облысы ішінде экспедицияға барып жүрген және ғаламшарымызда өткен уақыттың бірегей айғақтарды жинаған, осылай болашақтағы мұражайдың экспозициясы құрыла берді. Мұражайды ашу іс жүзінде жеке бастама болып, ұзақ жылдар бойы шағын жеке мұражай ретінде жұмыс жасаған. Былтыр облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан қолдау табылып, жаңартуға мүмкіндік туды. Палеонтологиялық мұражай бөлімше болып атанды, бұл экспозицияны кеңейтуге және жаңа экспедициялар үшін қаржыландыруды алуға мүмкіндік бере алады. Демеушінің көмегімен жайларды жөндеуге және мұражайдағы бүкіл экспозицияны қалпына келтіруге жағдай жасалынды.

Енді ол қатаң логикалық тәртіпте тұр. Мұражайдың бүкіл экспозициясы «Борлы теңіздің жағасына қош келдіңіз!» деп аталады, келушілер стендтен стендке барып, ғаламшарымыздағы тіршілік пайда болу мен даму кезеңдерін көре алады. Осыдан басқа мұражайда жаңа бөлімдер пайда болды – «Палеонтологияның ғылым ретінде қалыптасуы» және «Құрып кеткен ірі сүтқоректілер», олардың арқасында түптамырымен жүздеген миллион жыл бұрынғы уақытты көрсететін эволюцияны бақылауға болады. Жалпы алғанда, мұражайда жүздеген экспонаттар жиналған: тарихтан бұрынғы акулалардың тістері, тасқа айналған мегалодондар, плезиозаврлар және ұлулар. Сонымен қатар 100-150 миллион жыл бұрын өмір сүрген зілдердің, жүндес мүйізтамсықтардың, алғашқы жабайы өгіздердің және бұғылардың сүйектері.

Батыс Қазақстанның аумағында борлы кезеңнің шамамен 70% тас болып қалушылықтар көрсетілген. Көптеген экспонаттар соншалықты бірегей болып, нақты ғылыми анықтамаға жатпайды және зерттеуді қажет етеді. Юрий Пастуховтың тапқан жәдігерлері кездейсоқтық емес екендігін тарих дәлелдеп отыр. Атырау облысы палеонтолог үшін ең жақсы мекен болғанын айқындаса керек. Жүздеген миллион жыл бұрын осы өңірде үлкен теңіз толқындары мен байтақ жер болды, ал Атырау облысы аумағында сан мың ғасыр бұрын балықтар, теңіз жануарлары мен алып акулалар тіршілік еткен.

Батыс Қазақстанның бүкіл аумағы Мәскеу маңынан бастап Батыс Сібірге дейін созылған үлкен теңіздің орталығында орналасқан. Сонымен қатар осы тарихтан бұрын болған су қойманың арқасында Қазақстанда мұнай пайда болды. Балдыр, балықтар, ұлулардың қалдықтары он миллион жыл өткеннен кейін қара алтынға айналды. Ақтолағай шатқалы ерекшеленетін Каспий маңындағы бірегей борлы шатқалдары әлем ғылымында ерекше орын алады. Осындай бірегей палеонтологиялық ескерткіштер әлі де тереңірек зерттеуді қажет етеді. Ақтолағайдағы терең ғылыми зерттеулер дүрлігетіндей оқиға бола алатын еді және Жеріміз миллиондаған жыл бұрын қандай болғаны жайында қазіргі кездегі түсінігімізді өзгерте алатын болып көрінді. Атыраудағы палеонтологиялық мұражай зор ғылыми маңызға ие мекен және Қазақстанның палеонтологиялық ғылымын дамыту үшін бастапқы нүкте бола алады. Атырау палеонтологиялық мұражайын тамашалаймын деушілер үшін әрдайым есігі ашық. Тарихқа дейінгі табиғаттың тылсым әлемін түсінуге оның тәжірибелі қызметкерлері көмектеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға