Жаңалықтар

Еліміздегі жылдық инфляция 17,7 пайызға жетті

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы мәлім етті
Еліміздегі жылдық инфляция 17,7 пайызға жетті
Фото: 24.kz 11.10.2022 10:32 1707

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды El.kz

«Қазақстанда инфляцияның айлық динамикасы осы жылғы наурыз айындағы ең жоғары көрсеткіштен төмендегеніне қарамастан, орташа жылдық мәндерден біршама асып, жеделдей бастады. Оқу жылының оффлайн форматына толық өтуі, Ресейде жарияланған ішінара мобилизациядан кейін көрші елден халықтың ағылуы аясында тұрғын үйді жалдау ақысы бойынша, сондай-ақ білім беру қызметі мен кеңсе тауарлары бойынша соңғы екі айда бағаның айтарлықтай өскені байқалды. Жылдық мәнде инфляция 17,7 пайызға жетті», - деді Ұлттық банк төрағасы. 

Оның дерегінше, азық-түлік өнімдері бағасының өсуі бұған айтарлықтай үлес қосып отыр. Ол жылдық мәнде 22,2 пайызға жетті. Азық-түлікке жатпайтын инфляция да импорттық тауарлардың қымбаттай түсуінен және оларға сұраныстың жоғары болуынан 17 пайызға дейін жылдамдады. Ақылы қызмет көрсету инфляциясы 12,3 пайызға жетті. 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға