Жаңалықтар

Еліміздегі су қоймаларындағы ахуал қандай

Еліміздегі су қоймаларындағы ахуал қандай
Фото: El.kz 30.03.2025 06:32 636

Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

29 наурыз күнгі жағдай келесідей: Ақмола облысында Астана және Шағалалы су қоймаларынан секундына 1,5 текше метр, Сілеті су қоймасынан 50 текше метр су жіберілуде. Ал Ақтөбе облысындағы Ақтөбе су қоймасынан секундына 10 текше метр, Қарғалы су қоймасынан секундына 2 текше метрден су жіберілуде. Былтыр реконструкция жасалған екі су қоймасы белсенді су жинап жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 69%-ға толы. 

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 585 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 600 текше метр су жіберіліп жатыр. Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 695 текше метр су босатылуда. Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасынан секундына 11,3 текше метр, Бітік су қоймасынан секундына 8,5 текше метр, Дөңгелек және Пятимар су қоймаларынан секундына 3 текше метрден су ағызылып отыр. 

Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 10 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 5 текше метр су жіберілуде.  Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 4,8 текше метр су азайтылды. Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр, Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метрден су жіберілген. Қазір екі нысан да белсенді су жинауда, орта есеппен 69%-ға толды.

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 469,4 текше метр, Петропавл су қоймасынан 264 текше метр су жіберіліп отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға