Жаңалықтар

Еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1,8 миллионнан асты

Еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1,8 миллионнан асты
Фото: © Pixabay.com 31.08.2023 13:29 905

Еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1,8 миллионнан асты. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Мәжілістің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бизнесті жүргізу үшін жағдайларды жақсарту бойынша жүйелі шаралар іске асырылуда. 2020 жылдан бастап елімізде шағын және микробизнеске тексеру жүргізуге жарияланған мораторий 2024 жылға дейін ұзартылды. Орта бизнестің үлесі 2019 жылмен салыстырғанда 31,7%-тен 36,5 пайызға дейін өсті. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны тек соңғы 1 жылда 27 пайызға өсіп, 1,8 миллионнан асты. Осы секторда жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны бір жылда 18 пайызға дейін артып, 4,1 миллион адамға жетті, - деді премьер-министр.

Оң нәтижелер кәсіпкерлік қоғамдастық пен билік органдарының өзара іс-қимылының тиімділігімен байланысты екеніне тоқталды. 

Үкімет басшысының сөзінше, «Таза парақтан реттеу» қағидаты сәтті еңгізіліп жатыр.  44 салада 128 мың талапқа талдау жүргізілді. Оның ішінде жаңа реттеуші саясаттың шарттарына сәйкес келмейтін 10 мыңнан астам талап анықталды. Қазірдің өзінде оның 9 мыңы алынып тасталды.

Сондай-ақ бизнесті тексеруге мораторий аяқталғаннан кейін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік бақылау және қадағалау салаларындағы тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Осындай автоматтандырылған тәсіл тексерулерді адамның қатысуынсыз тағайындауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде бизнесті жоспарлы тексерулер 
2 есеге қысқарады. Микро және шағын бизнес үшін еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізілді. Жалпы мөлшерлеме 34,5 пайыздан 20 пайызға дейін төмендетілді, - деді Смайылов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға