Еліміздегі екі ірі су электр станциясы «Самұрық-Қазына» қорына өтті

Фото: sk.kz
Фото: sk.kz
28.04.2023 17:40
1320
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры еліміздің шығысындағы екі ірі су электр станциясының толыққанды иесі атанды.
Қазақстан қор биржасының мәліметінше, «Шүлбі» және «Өскемен» су электр станциялары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына өтті.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ «Шүлбі СЭС АЭС» ЖШС және «Өскемен СЭС АЭС» ЖШС-не 100% иелік етеді, - делінген мәліметте.
Аталған су электр станциялары «Самұрық-Қазына» иелігіне өтетіндігі жылдың басында белгілі болған.
«Шүлбі» СЭС Ертіс өзенінің орта ағынында, Семей қаласынан 70 шақырым жерде орналасса, «Өскемен» СЭС Өскеменнен солтүстік-шығысқа қарай Ертіс бойында орналасқан.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Есіл өзеніне батып өлген 100-ден аса сиыр мен жылқы үшін шаруаларға өтемақы төленбейді
Келесі жаңалық
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды