Еліміздегі ең төменгі жалақы деңгейі көтеріледі
Ең төменгі жалақы деңгейі 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтеріледі.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz
01.09.2022 12:19
1288
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды El.kz.
«Мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізеді. Бұл өз кезегінде оның көлемін кезең-кезеңмен арттыруға мүмкіндік береді», - деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда Президент ең төменгі жалақы деңгейін 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтеру шешімін қабылдағанын айтты.
«Бұл ретте 1,8 млн адамның кірісіне қатысты болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бөлісу:
