Жаңалықтар

Еліміздегі әділет органдары 30 жылдығын атап өтті

Шара барысында шетелдік әділет министрлері де еліміздегі әділет органдарының жұмысын жоғаны бағалады.
Еліміздегі әділет органдары 30 жылдығын атап өтті
Фото: advgazeta.ru 26.09.2022 22:48 2501

Бүгін Заңнама және құқықтық ақпарат институтының ұйымдастыруымен «Әділет пен құқыққа қызмет етудің 30 жылдығы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды El.kz.

Конференцияға Парламент депутаттары, бұрынғы әділет министрлері, Конституциялық кеңес, Жоғарғы сот, Бас прокуратура, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, білім беру мекемелері, Қазақстанның ғылыми қоғамдастығы өкілдері қатысып, заң аясында атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты жылы лебіздерін білдірді.

Іс-шара барысында әділет органдарының 30 жыл ішінде түрлі реформалар жасауда кұқықтық жүйенің жетілгенін әрі заман ағымына қарай дами түскенін, азаматтардың құқығын қорғау жүйесінде алға қойылған міндеттерді өз деңгейінде жүзеге асыруға мейілінше үлес қосқандығын атап өтті.

ҚР Президенті жанындағы құқықтық саясат жөніндегі кеңес мүшесі Өмірәлі Жалаири әділет органдарына 30 жыл толу үлкен белес екенін айтты.

«Біз әділет органдарымен тығыз байланыстамыз. Әділет органдарының қоғамдық кеңесінің мүшесі ретінде көп мәселелерді бірге талқылаймыз. Басқа да лауазымды адамдармен тығыз қызмет жасау үстіндеміз. Оның үстіне, заңнама және құқықтық ақпарат институтымен де байланыс орната отырып, заңды жетілдіруге, жобаларды жасауға үлкен үлес қосып келе жатыр деп санаймын. Біздің түлектер әділет органдарында қызмет жасап жатыр. Оған өте қуанамыз. Біздің жаңа Қазақстанда заң шығарып, барлық мәселені заң жүзінде дұрыс шешетініне сенімдімін»,- деді Өмірәлі Жалаири.

Мәжілістің экс-депутаты Загипа Балиева заман талабына сай талап та өзгеріп отыратындығын, талапты орындау үшін құқықтық институттар жұмыс істеуі керек екенін айтты.

«Біздің қазақтың елін сақтайтын осындай асыл азаматтар мен азаматшалар. Мемлекетімізде нағыз елдің қамын ойлайтын, елдің жағдайын жақсартатын заңгерлер. Әділет министрлігінің қызметкерлерін 30 жылдықпен шын жүректен құттықтаймын», - деді.

2003-2005 жылдар аралығында Әділет министрі қызметін атқарған Оналсын Жұмабеков конференцияға онлайн арқылы қатысып, әділет министрлігі республикалық мемлекеттік органдардың ішінде ерекше маңызды рөл атқаратын жауапкершілігі жоғары органдардың бірі екендігін атап өтті.

Бұдан бөлек, іс-шара барысында шетелдік әділет министрлері де әділет органдарының жұмысын жоғары бағалады.

Қырғыз Республикасының әділет министрі Аяз Баетов 30 жыл ішінде құқықтық инфрақұрылымды цифрландыру және жаңғырту саласында жасап жатқан жұмыстарын бағалай отырып, конференция ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға