Жаңалықтар

Еліміздегі бірнеше қала ауылға айналуы мүмкін

Еліміздегі бірнеше қала ауылға айналуы мүмкін
Фото: gov.kz 19.03.2024 12:17 8337

Баспасөз мәслихатында ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековтен журналистер елімізде ауылға айналуы мүмкін қанша қала барын сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство басшысының сөзінше, бұл мәселеде бірінші халықтың пікірі есептеледі.

Қала мәртебесі бар 13 елді мекен бар. Бірақ халық саны 10 мыңнан төмен. Мысалы, Шар, Қазалы қалалары бар. Сол қалаларды да дәл осылай жергілікті әкімдік мәслихаттар халықпен бірге отырып шешімдерді қабылдау керек. Яғни, 10 мыңға жетпейтін тұрғыны бар қалалар ауылға айналуы мүмкін, – деді Бауыржан Омарбеков.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров жыл сайын халық саны үш жыл бойы 10 мыңнан асып отыратын болса, ауылдар қалаға айналатынын айтты. Енді 10 мыңнан аспайтын тұрғыны бар қалалар ауылға айналуы керек екені туралы мәселе қозғалып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға